Маржангүл Маниярова (1955)– жыршы-ақын.

Өмірбаяны 1955 жылы 19 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданының Белқарағай ауылында дүниеге келген. 1972 жылы Белқарағай орта мектебін аяқтап, Өскемен қаласындағы Педагогикалық институтта білімін жалғастырады (1972-1976).

Шығармашылығы Ең алғашқы әнді студент кезінде Мұқағали Мақатаевтың «Ей, өмір» деген өлеңіне жазады. Бұл ән 1975-80 жылдары «Алтай әуендері» вокалды-аспаптық ансамблінің орындауында халыққа танымал болады. Бүгінде, Ұлықбек Есдәулеттің сөзіне жазылған «Жер ана» әні, «Жаса мәңгі туған жер», «Ару қалам, Өскемен» әндері, А.Нұрбаевтың сөзіне жазылған «Өр, Қаратай» және т.б. әндері көптеген республикалық, облысаралық конкурстарда орындалып жүр.

Марапаттары 2000 жылы Өскемен қаласының 250 жылдығына арналған байқауда «Ару қалам, Өскемен» деген Мұрат Тастағановтың сөзіне жазылған әні жүлделі орын алып, лауреат атағын иеленеді.

М. Маниярова туралы мақалалар Әнуарбек, Дильназ. Шығыстың Маржангүлі : [О. Бөкей атындағы орталық кітапханада Маржангүл Әлібекқызының "Сырлы әуен" атты ән жинағының тұсаукесері өтті.] / Д. Әнуарбек. - Мәтін (визуалды) // Менің өлкем. - 2024. - 17 қазан. - Б. 17.