БҰҰ Бас ассамблеясының сексен бірінші сессиясы — 2026 жылғы 8 қыркүйекте басталған Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының қазіргі сессиясы. Оның жоғарғы деңгейлі бас пікірталасы 22 қыркүйекте басталды. БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы — бангладештік Халилур Рахман.

Ұйымдастырылуы Төрағасы 2026 жылғы 2 маусымда Бангладеш Сыртқы істер министрі Халилур Рахман БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы болып сайланды. Ол сайлауда Кипрдің мультилатерализм бойынша арнайы өкілі Андреас Какурисқа қарсы жеңді.

+Нәтижесі Үміткерлер Мемлекеті Даусы % Халилур Рахман Бангладеш 99 52,11 Андреас Какурис Кипр 91 47,89 Жалпы 190 100,00 Жарамды дауыстар 190 100,00 Бос және жарамсыз дауыс 0 0,00 Тіркелген / қатысқан 193 98,45

Бас пікірталасы 81-сессиясы аясындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының жоғары деңгейдегі апталығы 2026 жылғы 22 қыркүйекте Нью-Йоркте басталып, 26 қыркүйек, сенбіге дейін жалғасып, 28 қыркүйек, дүйсенбі күні аяқталады. Бағдарламаға жалпы пікірталас, сондай-ақ климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимыл, теңіз деңгейінің көтерілуі, пандемиялардың алдын алу және оларға дайындық, даму мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі кездесулер кірді.

Бас Ассамблеяның әрбір мүшесі өз елін таныстыратын өкіл арқылы мемлекетіне қатысты мәселелер мен алдағы жылға БҰҰ Бас Ассамблеясынан күтетін үміттері туралы сөз сөйлейді. Бұл мүше мемлекеттер үшін өздерін алаңдататын халықаралық мәселелер бойынша пікір білдіруге мүмкіндік береді.

Бас пікірталас барысында қолданыстағы ережелерге сәйкес, сөз сөйлеу БҰҰ-ның алты ресми тілінің бірінде, араб, қытай, ағылшын, француз, орыс немесе испан тілдерінде жасалуы тиіс. Сөздерді БҰҰ-ның аудармашылары аударыды. Әрбір сөз сөйлеушіден аударманы дайындауды жеңілдету және мәтінді мінберде ұсыну мақсатында өз сөзінің 350 алдын ала көшірмесін конференция қызметкерлеріне тапсыру сұралады.

Дереккөздер

Санат:2026 жыл Санат:2026 жылдағы Нью-Йорк Санат:БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиялары