Belgian Recorded Music Association (BRMA), бұрынғы атауы Belgian Entertainment Association (BEA) — Бельгиядағы музыка индустриясының мүдделерін қорғайтын ұйым. Бұл ұйым Халықаралық фонографиялық индустрия федерациясының (IFPI) Бельгиядағы жергілікті өкілдігі болып табылады.

Тарихы Бұрынғы атауы — Belgian Entertainment Association (BEA) 2008 жылдың ақпанында үш ұйымның бірігуі нәтижесінде құрылған. Олар: музыка индустриясын ұсынған Халықаралық фонографиялық индустрия федерациясының (IFPI) жергілікті бөлімі — IFPI Belgium, бейнеиндустрияның мүддесін қорғаған Бельгия бейнефедерациясы және видеоойындар индустриясын таныстырған Бельгия-Люксембург интерактивті бағдарламалық жасақтама қауымдастығы. 2022 жылы бұл ұйым атауын BEA-дан Belgian Recorded Music Association (BRMA) болып өзгертті.

Чарттар

Бельгияда сатылым көрсеткіштері мен чарттарды жариялаумен BRMA құрған бейкоммерциялық ұйым — Ultratop айналысады. Елдегі мәдени және тілдік айырмашылықтарға байланысты чарттар екі бөлек аймақ үшін жеке-жеке шығарылады: нидерланд тілді Фландрия және француз тілді Валлония аймақтары. Фландриядағы ең маңызды чарттарға Ultratop 50 singles (синглдер) және Ultratop 50 albums (альбомдар) жатса, Валлониядағы ең басты чарт — Ultratop 40 singles синглдер тізімі болып табылады.

Дереккөздер

Санат:1973 жылы құрылған ұйымдар Санат:Музыкалық индустрия қауымдастықтары