Заманауи фолк немесе Заманауи фолк-музыка ()— дәстүрлі халық музыкасымен байланысты, ХХ ғасырдың ортасында және одан кейін пайда болған жанрлардың кең ауқымын білдіреді. ХХ ғасырдың ортасынан бастап дәстүрлі халық музыкасы негізінде танымал фолк-музыканың жаңа түрі қалыптасты. Бұл үдеріс пен кезең фолк-ривайвл (екінші фолк-ривайвл) деп аталып, 1960 жылдары өз шарықтау шегіне жетті. Музыканың бұл жаңа түрі үшін ең жиі қолданылатын атау — «фолк-музыка», бірақ айырмашылығын көрсету үшін оны көбінесе «заманауи фолк» немесе «фолк-ривайвл музыкасы» деп атайды. Бұл ауысу үдерісі негізінен Америка Құрама Штаттарында шоғырланып, Америкалық фолк-ривайвл деп те аталады."Folk Music and Song", American Folklife Center, Library of Congress Осы құбылыс аясында фолк-рок сияқты фьюжн жанрлар мен басқа да бағыттар дамыды. Заманауи фолк дәстүрлі халық музыкасынан жалпы алғанда бөлек жанр болғанымен, ол көбінесе дәстүрлі музыкамен бірдей атауды, орындаушылар мен сахналарды бөліседі; тіпті жекелеген әндердің өзі осы екеуінің қосындысы болуы мүмкін.

Дереккөздер

Санат:Фолк