Ұбашы (дәст. қыт. 渥巴锡汗, пін. Wòbàxī hàn, орыс. Убаши, 1744 - 1774, Бейжің, Цинь империясы) - Қалмақ хандығының соңғы (бесінші) билеушісі. Қалмақ ханы Дондук-Дашының кіші ұлы әрі мирасқоры.
Өмірбаяны
Ұбашы әкесінің тұсында 1757 жылдың 21 наурызында Қалмақ хандығындағы билеушінің өкілі болып жарияланды. Дондук-Дашының өлімінен кейін Ұбашы 1761 жылдың 21 қаңтарында қалмақ тағына отырды. Ұбашының билік құрған кезеңі патша үкіметінің хандықтың ішкі істеріне араласуының күшейе түсуі жағдайында өтті. 1762 жылы II Екатерина Заргоны қайта құруды бекітті. Оған сәйкес, сот алқасы енді тек ханның жақын серіктестерінен ғана емес, барлық ірі ұлыстардың өкілдерінен құралуы тиіс болды. Бұл оның билігі мен беделін «байқатпай әлсірету» және ханның дербестігін шектеу мақсатында жасалды. Ұбашы өз міндеттерін атқару барысында қабылдайтын шешімдерін «қалмақ істеріне» жауапты шенеунікпен келісіп отыруға, ал дау-дамай туындаған жағдайда мәселені Сыртқы істер алқасына (Коллегиясына) хабарласуға тиіс болды. шкі қиындықтарға қарамастан, Ұбашы қалмақтардың Ресей алдындағы әскери міндеттемелерін орындауын жалғастырды. 1768–1774 жылдардағы орыс-түрік соғысының қарсаңында ол патшайымнан 20 000 атты әскер жасақтау туралы бұйрық алды.
Жоңғарияда қоныстанғаннан кейін үш жыл өткен соң Ұбашы хан 1774 жылы 29 жасында Бейжіңде қайтыс болды.
Естелік
2012 жылы Элиста қаласында Ұбашы ханға ескерткіш орнатылды Моңғолияның Булган қаласында, Қытайдың Хэцзин уезінде Ұбашы ханның ескерткіштері орнатылған
Әдебиет
Митиров А. Г. Ойраты-калмыки: века и поколения. — Элиста: Калм. кн. изд-во, 1998. — 384 с. Батмаев М. М. Калмыки в XVII—XVIII веках. События, люди, быт. В 2-х т. — Элиста: Калмыцкое книжное издательство, 1993. Цюрюмов А. В. Калмыцкое ханство в составе России: проблемы политических взаимоотношений. — Элиста: Джангар, 2007. Басхаев А. Н. История Калмыкии и калмыцкого народа с древнейших времён до конца XX века. — Элиста, 2012. ISBN 978-5-94587-510-4 История Калмыкии с древнейших времён до наших дней: в 3 т. — Элиста: ГУ «Издательский дом «Герел», 2009. — 848 с.
Санат:Қалмақ хандары