Шалқар-Қарашатау – Торғай алабындағы ағынсыз көл.
Географиялық орны Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданы жерінде орналасқан. Қарашатаудан 6 км оңтүстік-батыста, Құмқұдық елді мекенінен 7 км оңтүстік-батыста. Теңіз деңгейінен биіктігі 239,0 м.
Гидрографикасы, сипаты Ауданы 18,5 км2. Ұзындығы 12,5 км, ең енді жері 2,2 км. Жағалауы көбінесе жайпақ. Қар, жаңбыр суымен толығады. Жауын-шашын аз жылдары тартылып қалады. Суы ащы. Шаруашылық маңызы шамалы.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Әйтеке би ауданы көлдері Санат:Торғай су алабы