Исатай ауылдық округі — Атырау облысы Исатай ауданындағы әкімшілік бірлік.

Әкімшілік құрамы Құрамындағы жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы — Исатай ауылы. Атырау-Астрахан темір жол желісі бойына орналасқан. Электр, су, газ,телефон байланысымен толықтай қамтылған.

Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1466 адамды (784 ер адам және 682 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары +Елді мекенХалқы,адам (1989)Халқы,адам (1999)Халқы,адам (2009)Халқы,адам (2021) Исатай 1183 1354 1501 1466 Халықтың белсенді саны - 913, жұмыс жасайтындар саны - 526, зейнеткерлер - 156, 18 жасқа дейінгі балалар саны - 572, жалғызбасты қариялар - 8, мүгедектер - 39, жұмыссыздар - 47. Округ тұрғындары бір елді мекен Исатай ауылында топтастырылған.

Сипаттамасы Исатай ауылдық округі оңтүстігінде Каспий теңізімен, солтүстігі мен шығысында Зинеден ауылдық округімен, батысында Құрманғазы ауданымен шектеседі. Орталығы - Исатай ауылы аудан орталығы Аққыстау ауылынан 101 шақырым, облыс орталығынан 183 шақырым қашықтықта орналасқан. Округтің жер аумағы - 101 903 га.

Тарихы Еңбекшілер депутаттары Гурьев облыстық кеңесінің шешіміне сай, 1977 ж. Исатай селолық кеңесі құрылды. Кейіннен селолық кеңес 1993 ж. 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Атырау облысы әкімінің шешімімен Исатай селолық округі болып қайта құрылды. Қазірде әкімшілік құрылым Исатай ауылдық округі деп аталады.

Әлеуметтік нысандары Ауылдық округте Исатай орта мектебі, «Балбөбек» бөбекжай-балабақшасы, ауылдық клуб пен ауылдық кітапхана, дәрігерлік амбулатория, 5 орындық стационар, ЭЧ, ШЧ, ПЧ, «Транстелеком», «Қазақтелеком» мекемелері телефон байланысымен қамтылған (2018 ж.).

Шаруа қожалығы мен кәсіпкерлік 7 жекеменшік дүкен, 2 тойхана, 1 техникалық қызмет көрсету орталығы халыққа қызмет көрсетіп отыр.Жаңарған өңір. «Ағатай» баспасы 2011, ISBN 978-601-7018-76-4 Ауылдық округ халқының негізгі кәсібі - теміржол саласы болғанымен, жергілікгі тұрғындардың басым бөлігі қосалқы шаруашылық - мал өсіріп, оның өнімін тиімді пайдаланып келеді. Округте 7 шаруа қожалығы тіркелген, 1165 ірі қара, 606 түйе, 325 жылқы, 4019 қой-ешкі бар. Исатай ауданы, Алматы "Сардар", 2018 ISBN 978-601-80678-6-0

Исатай селолық кеңесінің төрағасы, округ әкімдері: 1977-80 жж. - Қабиболла Құспанов; 1980-81 жж. - Шолпан Алсұлтанова; 1981-91 жж. - Бақтығали Дөкенов; 1991-98 жж. - Сағынғали Қапизов; 1998-99 жж. - Әліби Хайдаров; 1999-2013 жж. - Жарылғас Ғұбашұлы; 2013 жылдан - Ұлбосын Хисым.

Дереккөздер

Санат:Исатай ауданы ауылдық округтері