Уақыт бюджеті – қызметкердің‚ оның отбасы мүшелерінің немесе халықтың жекелеген тобының уақытты (тәулікті‚ аптаны‚ айды‚ жылды) пайдалану түрлеріне қарай оның жұмсалуын бөлу. Мұнда жұмыс уақыты – нақты істелген жұмыс уақыты‚ ауысымды қабылдау және өткізу уақыты‚ бос тұру және өнімсіз шығын уақыты‚ жұмыста тәртіптелген үзіліс уақыты және жұмыстан тыс уақыт – үй еңбегі уақыты‚ жұмысқа жету және одан қайту уақыты‚ бос уақыт (белсенді тынығу‚ оқу уақыты) физиол. қажеттіліктерді қанағаттандыру (ұйықтау‚ тамақтану) уақыты және өзге де жұмсалған уақыт шығындары қамтылады. Оған жасалған талдау халықтың еңбегін‚ тұрмысы мен демалысын ұйымдастыру жөніндегі шараларды әзірлеу үшін пайдаланылады.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том Сілтемелер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Уақыт бюджеті · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.