Қандықараша, Қызылтас – Сарысу алабындағы өзен.
Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 39 км.
Бастауы Бастауын жарқабақты келген сайдағы бұлақтардан алып, Сарыапан тауының солтүстік-батысында 15 км жерде тартылып қалады.
Гидрологиясы Арнасы кең, алабы жазық. Көктемде еріген қар суынан арнасында 15-20 күн ағын болады. Жылдың басқа мезгілінде құрғап қарасуларға бөлініп қалады.Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлім
Дереккөздер
Санат:Ұлытау ауданы өзендері Санат:Сарысу су алабы