Әбу АтшыбаевМаңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;(1925, Атырау облысы Қияқ ауылы – 2004) – мұнайшы, инженер. Мәскеу мұнай институтын (1952), Жоғары партия мектебін (1959) бітірген. 1952 – 53 жылдары Құлсары мұнай өндіру кәсіпшілігінде оператор, өндіріс-техника бөлімінің бастығы, 1953 – 55 жылдары Сағыз мұнай өндіру кәсіпшілігінде бас инженер, 1955 – 57 жылдары Қошқар мұнай өндіру кәсіпшілік басқармасында партбюро хатшысы, 1959 – 73 жылдары Қазақстан КП Мақат аудандық комитетінде 1-хатшы, Атырау облысы партия мемлекеттік бақылау комитеті төрағасының орынбасары, 1973 – 85 жылдары Маңғыстау облысы халықтық бақылау комитетінің төрағасы болды. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерінің иегері, «Қазақ жерінің қара алтыны» (1994) атты кітаптың авторы. Дереккөздер

Санат:Тұлғалар