Тенденция (латын. tendere-бағыттаймын, ұмтыламын) деген қаламгерге тән құштарлық, оның қоғамдық көзқарасының тұғыры, өнер туындыларында көрініс табатын суреткердің әлеуметтік, саяси, идеологиялық адамгершілік ұмтылысы, автордың өзі бейнелеп отырған, өмір шындығына деген идеялық-эмоциялық қарым-қатынасы, маңызды мәселелерді ой елегінен өткізіп бағамдауы. көзқарастағы немесе іс-қимылдағы бағыттылық, ұмтылыс; қандай да бір құбылыстың дамуының барысындағы бір бағыт; біреуге танылатын идея, ой.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. ISBN 9965-808-78-3Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7

Дереккөздер

Санат:Ғылымтану Санат:Терминология Санат:Әлеуметтану