Қайнар — Жетісу облысы Алакөл ауданындағы ауыл, Қайнар ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Үшарал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 28 км-дей жерде, Ақтоғай-Достық темір жолы бойында, Алакөл көлінің батысындағы жусан, ши аралас, сарсазан, көде, көкпек ескен сұр сораңды шалғын топырақты шөлейт белдемде орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен952905 3076 339,9 478 1606 336 427 1470 344,3
Тарихы Ауыл 1996 жылға дейін "Социалды" деп аталған. 1966-97 жылдары қызылша өсіретін кеңшар орталығы болған. Оның негізінде Қайнарда ЖШС және шаруа қожалықтары құрылды.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшер пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
Дереккөздер
Санат:Алакөл ауданы елді мекендері