Күректұмсықты құмдауық () — шалшықшылар тұқымдастарына жатады. Ұзындығы 14 см тақау. Тұмсығының ұшы жалпақ, ромб тәрізді күрекке ұқсас. Соның нәтижесінде судағы қоректік жануарларды жеңіл аулайды. ТМД кеңістігінің эндемигі. Чукот түбегі, Анадыр шығанағы және Камчатканың солтүстік шығысында теңіз жағалауларындағы тундраны мекендейді. Ойнақ салған еркектері 10—15 м биіктікке көтеріліп, бір жерде қанат кағып, қалқып тұрып, бозторғайлар сияқты, әсем үнді дыбыс береді. КСРО Қызыл кітабына енгізілген.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3

Дереккөздер

Санат:Татреңтәрізділер