Коэффициент, еселеуіш - өлшемі жоқ мөлшермен анықталатын көрсеткіш.

Дифференциалдың блоктауыш коэффициенті - дифференциалға келтірілген дифференциалдың үйкеліс иінді күшінің айналу иінді күшіне қатынасы. Дайындық коэффициенті - жоспарланған кезеңнен басқа мерзімде объектінің жұмыс істеу жағдайының беріктігі. Сайбырлату коэффициенті - бір циклда неше рет амплитуда тербелісі төмендеуін көрсететін өлшем. Динамикалық тұтқырлық коэффициенті - тұтқырлықты мінездейтін физикалық өлшем; СИ жүйесінде [пас] өлшемін қолданады. Өшу коэффициенті - тербеліс өлшеуінің жылдамдығын мінездейтін өлшем. Ауаның артықтық коэффициенті - белгілі бір қоспаның отынға қатысты масса ауасының нормадағы жанар-жағармай масса ауасына қатысы. Жүк көтергіштіктін пайдалану коэффициенті - жүк көтеру көлік жабдығының номиналының жүк массасы бір барып келгеніне қатынасы. Кинематикалық тұтқырлық коэффициенті - берілген заттың тұтқырлық динамикалық коэффициентінің қатынасын анықтау және тұтқырлығын сипаттау, оның тығыздығына қатысын сипаттайтын физикалық көлем. Кинематикалық бейімделу коэффициенті - қозғауыш білігінің бұрыштық жылдамдықтарының максималды қуат және максималды иінді күш режимдеріндегі қатынасы. Кинетикалық коэффициенті - физикалық мөлшер ағыныныың температура, концентрация және т.б.градиенттерімен байланыстарының пропорционалды коэффициенті. Максималды ілінісу коэффициенті - максималды коэффициентінің қозғағыш күшіне сәйкес көлемді автомобиль доңғалағы 0,1-0,3 сырғанау коэффициентіне тең. Сораптық доңғалақтың иінді күш коэффициенті - жұмыс сұйықтығының тығыздығына жетекші біліктің бұрыштық шаршы метр жылдамдығымен берілістің активті диаметрінің бесінші деңгейіне қатынасы. Турбиналық доңғалақтың иінді күш коэффициенті - турбиналық доңғалақтың айналдырушы иінді күшінің жұмыс сұйығының шаршы мәнін гидродинамикалық берілістің активті диаметрінің бесінші деңгейіне қатынасы. Толтыру коэффициенті - қозғауыштың ішкі жану цилиндріне кіретін ыстық қоспаның жалпы көлемінің жалпы жұмыс цилиндрінің көлеміне қатынасы. Айналудың тұрақсыздық коэффициенті - бұрыштық жылдамдықтың максималды және минималды мағынасының арасындағы айырмашылықтың оның бір циклда болатын орташа мағынасына қатынасы. Оперативті дайындық коэффициенті - объект ерікті уақыт сәтіне жұмыс істеуге қабілеттігі заласыз жоспарға енгізілмеген кезден басқа мерзімде және осы сәттен бастап белгіленген интервал уақытында толассыз жұмыс істейді. Жоспарлы іске қосу коэффициенті - жоспарлы техникалық қызмет және жөндеусіз объектінің пайдалану кезіндегі үлесі. Ұқсастық коэффициенті - объектіге және оның модельдеріне қатысты өлшеусіз комбинация көлемінің сипаттамасы. Бейімделу коэффициенті - двигателдің максималды айналу сәтінің отынның толық берілу кезіндегі максималды қуатының режим сәтіне қатынасы. Бойлық күш коэффициенті - жолдың ұзындық реакциясы жолдың вертикалды реакциясына қатысы - автомобиль доңғалағының сырғанау коэффициентінің зонасындағы көлемі нөлден 0,1-0,3-ке дейін жолдың жақындығына байланысты өзгереді. Гидротрансформатордың мөлдірлік коэффициенті - турбиналық доңғалақтың тоқталған және трансформация коэффициенті бірге тең кезіндегі сорап доңғалақтарының жүктемелі жұмыс режиміндегі моменттер коэффициенттерінің қатынасы. Тайғанау коэффициенті - доңғалақтың тайғанау жылдамдығының оның жетек режиміндегі тайғанаусыз өтетін доңғалауына қатынасы. Доңғалауға кедергі коэффициент - кейбір жазықтықтағы дененің аунау кедергісінің күшінің осы жазықтық жағынан қалыпты реакция күшіне қатынасы. Тиімділікті сақтау коэффициенті - пайдаланудың анықталған кезеңі кезіндегі тиімділік көрсеткіш мағынасының осы көрсеткіштің номиналды мағынасына қатынасы. Жылу берілу коэффициенті - жылу беріліс теңдеуіндегі кинетикалық коэффициент: екі жылутасымалдауыш арасында температуралардың айырмасы 1 гардус кезінде жылу алмасу бетінің ауданына бірлік арқылы жылу ағынының қуатына тең;СИ жүйесінде [Вт/м2 K] деп белгіленеді. Жылу өткізгіштік коэффициенті - физикалық шама, материалдың жылу өткізгіштігін сипаттайды СИ жүйесінде өлшемдігі [Вт/м К]. Техникалық қолдану коэффициенті - уақытының интервалдарының заттық жұмыс істейтін қабілеті күйінде кейбір қолдану кезінде келуінің және бос тұруына, техникалық қызмет ету және дәл сол кезенде жөндеуіне математикалық қатынасы. Техникалық дайындықтың коэффициенті - жүк тасуға автомобильдердің техникалық дайындығын сипаттайтын және автомобиль күндерде майлардың қатынастарын анықтыйтын коэффициент. Трансформациялау коэффициенті - сатысыз берілістің жетекші және жетектегі білігіндегі айналдырушы иінді күштердің қатынасы. Гидротрансформатордың трансформациялық коэффициенті - гидротрансформатордың жетекші және жетектегі біліктердің айналдырушы иінді күшінің қатынасы. Теңселу үйкелісінің коэффициенті - нормал реакциясы күшінің сыртқы жағынан дененің домалау күш бойынша қарсылық күш сәтінің қатынасы. Тыныштық үйкелісінің коэффициенті - жүктеме қойған кезде бір денені басқаға қысатын және олардың түйісу күшіне тыныштық үйкеліс күшінің қатынасы. Сырғанаудың үйкеліс коэффициенті - бір дененің екінші денеге тақалып және олардың сыртқы қабаттарының бір-біріне жұғысуға бағытталған перпендикулярлық коэффициентіне салмақ түскен кездегі реакция күшіне сырғанаудың үйкеліс күшіне қатынасы. Айналыстағы массаларды есепке алатын коэффициент - түйінге негізгі қозғалыстағы массаның ілгерілемелі негізгі түйінге қатынасы.Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.

Дереккөздер

Санат:Транспорт