Ипбаев Жаныбай - көмір комбайнының машинисі. Социалистік Еңбек Ері (1981), КСРО-ның құрметті шахтері (1974). 1936 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Дәуқара ауылында туған.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Еңбек жолы мен жетістігі 1953-1961 жылдары - №23 шахтада (қазіргі «Қарағанды көмір өндірістік бірлестігінің Т. Күзембаев атындағы шахтасы) машинистің көмекшісі, көмір комбайнының машинисі. 1961-1981 жылдары тазарту забойындағы кен жұмысшыларының бригадирі. 1979-1981 жылы оның бригадасы бір лавадан 1 млн т көмір өңдіріп, 10-бесжылдықтың тапсырмасын мерзімінен бұрын орындады. 11- сайлаудаҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды 1985 жылдан ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүшесі. Қазақстан Компартиясы 16-съезінің, КСРО кәсіподақтары 17-съезінін делегаты.

Наградалары Октябрь реюлюциясы ордені 2 мәрте Ленин ордені Социалистік Еңбек Ері (1981) «Шахтер данқы» белгісінің толық иегері

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Айыртау ауданында туғандар Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Қазан төңкерісі орденінің иегерлері Санат:Шахтер даңқы белгісінің иегерлері Санат:КСРО құрметті шахтерлері Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 11-шақырылымының депутаттары