Есепшот проформасы - экспорттаушының шартта белгіленген келісімге сәйкес импорттаушыға жіберетін алдын ала есешпоты. Айталық, есепшот проформасы сатылған тауар ішінара жөнелтілгенде, тауарды консигнациялауға, импорттық лицензия алу үшін көрсетуге қажет болғанда ұсынылады және т.б. Есепшот проформасы, әдетте, тауар жөнелтілгенге дейін жазылады, сол себепті тауардың онда көрсетілген саны, салмағы, бағасы, т.б. толық есеп айырысудың негізі болып табылатын түпкілікті есепшоттағы (фактурадағы) деректерге сәйкес келмеуі мүмкін.Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9
Дереккөздер
Санат:Экономика Санат:Банк терминдері