Ақыш Қоңыртайұлы Омар (1955 жылы 15 қазанда ШҚО Көкпекті ауданында туған) — актер. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2007). Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері (1992).

Толығырақ Ақыш Қоңыртайұлы 1955 жылы 15 қазанда ШҚО Көкпекті ауданында Үлкен Бөкен ауылында дүниеге келген. Ұлты - Қазақ. қазақ және орыс тілдерін біледі. Әкесі - Омаров қоңыртай Құнанбайулы - зейнеткер, Анасы - Омарова София - зейнеткер, үй шаруасымен айналысады. 1982 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы Алматы мемлекеттік театр-көркем сурет институты)ның актерлік факултетін бітірген.

Еңбек жолы 1978 - 1985 жылдары Абай атындағы қазақ музыкалық драма театрының актері. 1985 - 2003 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері. 2003 - 2005 жылдары М. Горький атындағы орыс драмалық театрының актері. 2005 жылдан Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актері. бүгінгі таңда Қазақ ұлттық өнер университетінің «Актерлік өнер және режиссура» кафедрасының доценті.

Сахнадағы негізгі рөлдері Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры сахнасында: Ғ. Мүсірепов «Ақан Сері-Ақтоқты» – Ақан, М. Баджиев «Қожажас» – Қожажас, М. Хасенов «Махаббат неге оянбады?» – Мұрат, Р. Сейсенбаев «Түнгі диолог» – Адай және т.б. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында: Ш. Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» – Тансықбаев, К. Гоций «Турандот ханшайым» – Әртауым император, Ж.Б. Мольер «Ақымақ болған басымай» – Жорж Данден, Е. Аманшаев «Үзілген бесік жыры» –Мұрат, Гапаров «Тұзды шөл» –Ол, М. Жұмабаев «Шолпанның күнәсі» – Сәрсен, Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» – Қарабай, У. Шекспир «Асауға тұсау» – Шал және т.б. М. Горький атындағы орыс драмалық театры сахнасында: Ж.Б. Мольер «Тартюф» – Тартюф, Н. Гоголь «Ревизор» – Лука Лукич, Птушкина «Плачу вперед» – Расияв, Ф.М. Достаевский «Преступление и наказание» – Лужин, Жан-Жак Брикер «Не верь глазам своим...» – Альберт Ламар және т.б. Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының сахнасында: А. Чехов «Ваня ағай» – Серебряков, Гапаров «Қуыршақ немесе қызғаншақ қыздардың кеш» – Ақтан, Ш. Айтматов «Ақ кеме» – Момын шал, М. Әуезов «Абай» – Аға Абай, Т. Джюдженоглу «Көшкін» – қауым басшысы, Е. Жуасбек «Терең тамырлар»– Жайнақ, А. Вальехо «Күн сәулесі түспеген» – әкесі, Р. Отарбаев «Көлеңкесіз жолаушы» – әкесі, В. Ежов «Тыраулап ұшқан тырналар» – Кузовков, т.б.

Марапаттары 1992 жылы драматург Ермек Аманшаевтың «Үзілген бесік жыры» спектаклі үшін Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері атанды. 2001 жылы Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған. 2002 жылы "Мәдениет қайраткері" құрметті атағы берілді. 2007 жылы Елбасының жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталды.

Жеке қасиеттері Діни көзқарасы - ислам. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Дамыған мемлекет». Сүйіп оқитын әдебиеті - әлем және қазақ әдебиеті. Хоббиі - музыка.

Отбасы Үйленген. Жубайы - Киреева Раушан Сағынқызы (1958 ж. т.) Ұлы - Әнуар (1980 ж. т.).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:15 қазанда туғандар Санат:Қазақстан театр актерлері Санат:Қазақ ұлттық өнер академиясы түлектері Санат:Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегерлері Санат:Қазақ ұлттық өнер университеті оқытушылары Санат:Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры тұлғалары