Қалқаман-Мамыр орамы — Астанадағы көше, бұрынғы атауы №175 қысқа көшесі. «Комсомольский» тұрғын алабы. Қалқаман-Мамыр орамы Баян сұлу көшесімен қиылысады. Ұзындығы — 314,4 м.
«Қалқаман – Мамыр» — 1722 жылы болған оқиғаға байланысты шығарылған дастан. Авторы — Шәкәрім Құдайбердіұлы. Қалқаман мен Мамыр бір-біріне ғашық болып қосылғанымен, олардың бір рудан шыққандығына байланысты «дәстүрді бүзғаны үшін» екі жас өлім жазасына кесіледі. ҚР Ұлттық Ғылым академиясының орталық кітапханасы мен Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорында 9 нұсқасы сақтаулы.Астана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008. ISBN 9965-32-642-8
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы
Санат:Астана көшелері