Турбидиметрия (лат. turbidus — лай және грек. metre'o - өлшеймін) — лай ортада сіңірілетін жарық интенсивтілігін өлшеуге негізделген химиялық сандық талдаудың оптикалық әдісі. Өлшеу зерттелетін және стандартты ортада жарықты сіңіру интенсивтілігін салыстыру арқылы жүргізіледі. Турбидиметрияның бір түрі — турбидиметрлік титрлеу. Онда анықталатын зат тұндырылатын ерітіндімен титрленеді және лайланудың максимумы бойынша эквиваленттілік нүктесі белгіленеді. Т. сульфаттарды, фосфаттарды, хлоридтерді, цианидтерді, қорғасынды, мырышты анықтау үшін қолданылады.Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдықтары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.
Дереккөздер
Санат:Өлшеу техникасы