Абдулла Хан, (Абдаллах бек, Абдул) (т.ө.ж.б. 14 ғ.) — Алтын Ордадағы "Ұлы Дүрбелең жылдары" (1359-79) таққа отырған хандардың бірі (1360/61 — 1369/70). Ата тегі: Шыңғыс хан — Жошы хан — Тоқа Темір — Өз Темір — Абай — Мыңғасыр. Абдулла хан Мыңғасырдың 9 ұлының алтыншысы. 1359 ж. Бердібек хан өлтірілгеннен кейін 1-2 жыл ішінде Алтын Орда тағына Құлпа, Наурыз бек, Қызыр хан, Темір Қожа отырған. Мамай Темір Қожаны өлтіріп, хан тағына Абдулланы әкелді. Іс жүзінде билікті Абдулла ханның атынан Мамай жүргізді. Осы кезден бастап Алтын Орда екі бөлікке бөлінді. Еділден батысқа қарай Абдулла хан, шығысында Аралдың солтіндегі далалық аймақтарды Шайбани ұрпағы Қожа Мұрат (Мюрид, Меруд, Амурат) биледі. Абдулла хан Мәскеу боярларының өтінішімен жас Дмитрийдің (болашақ Донскойдың) ұлы князь болуына жарлық берген (1363). 1369-70 ж. Мамай Абдулла ханның орнына оның ұлы Мұхаммед сұлтанды (Мұхаммед Бұлақ) таққа отырғызды.Қ 18 «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Ә. Нысанбаев. — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. — 720 бет. ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:Алтын Орда хандары

ru:Абдуллах (хан Золотой Орды)