Алай қойы (Алайская порода овец) - ұяң жүңді, тегене құйрықты қой тұқымы. Жаңа қой тұқымы ретінде 1981 ж. қабылданды. Қырғызстанда Памир-Алай тау жүйесіндегі теңіз деңгейінен 2500-3200 м биіктікте тау аралық ойыста, Қырғыздың кошуық жүнді саулықтарын басында прекос, кейінірек сараджа тұқымының қошқарларымен күрделі будандастыру арқылы шығарылған. А. қойында сапалы ақ ұяң жүн мен тегене құйрық ұтымды ұштастырылған. Қошкарларының салмағы - 95-105 кг, саулықтарынікі - 55-60 кг тартады. Қошқар басынан - 4,5-5,5 кг, саулыктардыкінен - 2,5-3 кг таза түсімі 65-70% жүн қырқылады. Жүні ақ, жылтыр, негізінен түбіт пен ұзын аралық қылшықтан тұрады. Жыл бойы жайылымда бағып-күтуге жақсы бейімделген. Қазақстанда қазақы қой жүнінің түсін ағартып, сапасын жақсарту үшін пайдаланылады. Дереккөздер < Ә.Байжұманұлы, К.Бекболатұлы . Мал шаруашылығы сөздігі. Алматы-2011. ISBN 978-601-7254-21-6/> Санат:Қой тұқымдары
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Алай қойы · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.