Әсел Нұрланова Талғатқызы - қазақ әртісі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері. Ол 2006-2009 жылдар аралығында Семейдің Мұқан Төлебаев атындағы музыка колледжінің «Бұқаралық театрландырылған қойылымдардың режиссері» мамандығын үздік дипломға бітіріп, Семейдің Абай атындағы қазақ музыкалы драма театрында 2011 жылдың 20-шы қаңтарынан бастап, бүгінгі күнге дейін қызмет етіп келеді. Әсел Нұрланова Қазақстан ұлттық арнасының төл туындысы «Туған елдің түтіні» телесериялында Әсия бейнесін сомдаған.
Асел Нұрланова сомдаған рольдері: Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» - Баян Ә. Нұршайықов «Махаббат, қызық мол жылдар» - Тана Р. Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» -Ләйлә Т. Ахтанов «Күшік күйеу» - Алма А. Вампилов «Метранпаж» - Виктория А. Сапышев «Ақберен» - Даша Ш. Айтматов «Қош бол, Гүлсары» - Бүбіжан Е. Жуасбек «Үйлену» - Зерек Ө. Боранбаев «Сотанайдың соңғы үйленуі» - Әйкенай «Жан азасы» - Махаббат А. Сапышев «Бәйшешек іздеген қыз» Айғаным
Дереккөздер
Санат:Қазақстан әртістері