Қарасор — Өлеңті алабындағы көл.

Географиялық орны Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігі аумағындағы Бозшакөл кентінен солтүстік-батысқа қарай 18 км жерде, теңіз деңгейінен 223,3 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы Аумағы 6,7 км2, ұзындығы 4 км, енді жері 2,2 км, жағалау бойының ұзындығы 11,6 км. Пішіні сопақша келген көлдің жағалауында қамыс, құрақ өскен. Шығысынан Темірастау өзені құяды. Қараша айында суы қатып, сәуірде мұзы ериді. Жағалауы шабындыққа пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Екібастұз көлдері Санат:Ертіс су алабы көлдері