Вильдан Атасевер (, род. 26 шілде 1981 жылы туылған, Бурса) — түрік актрисасы.

Өмірбаяны Вильдан 1981 жылы 26 шілдеде Бурса қаласында дүниеге келген. Отбасында бесінші бала. Орта білімді Вильдан Ыстанбұл қаласында алды. 13 жасында Вильдан "Театр жеңімпаздары" атты тобының мүшесі атанған.

2001 жылдан бастап киноға түсе бастаған. 2005 жылы "Екі қыз" () телехикаясындағы рөлі үшін "Алтын апельсин" () марапатына ие болды, ал 2006 жылы "Тағдыр" () телехикаясындағы Угур рөлін сомдағаны үшін Анкардағы халықаралық кинофстивальда жүлдеге ие болған. 2016 жылдың наурыз айында Вильдан "Ғаламат ғасыр: Көсем дәуірі" () атты телехикаядағы Мурад ІІІ және Сафие Султанның қызы Хюмашах Султанның рөліне ие болды. Сондай-ақ, ол жарнамаларға да түседі. 

Жеке өмірі 2001 жылдан 2007 жылға дейін Тайлан Кылычемен бірге заңды некеде тұрды. 

2010 жылы Вильдан қайтадан Исмаил Хаджиогла атты актермен бірге тұрмыс құрды. 

2015 жылы 21 қаңтарда ерлі-зайыптылар ажырасып кетті. Санат:XXI ғасыр актрисалары Санат:Түркия актрисалары Санат:Алфавит бойынша актрисалар Санат:Алфавит бойынша тұлғалар Санат:26 шілдеде туғандар Санат:1981 жылы туғандар