Йоахим Лев (; 3 ақпан 1960 жыл, Баден-Вюртемберг, ГФР) — неміс футболшысы, жартылай қорғаныста ойнаған. 2006-2021 жылдары Германия Ұлттық футбол құрамасының бас бапкері болды. Оған дейін Юрген Клинсманның көмекшісі болған.
Мансабы Жартылай қорғаушы ретінде «Фрайбург», «Штутгарт», «Айнтрахт» (Франкфурт), «Карлсруэ» клубтарында ойнаған. ГФР құрамасы сапында 4 матч өткізген. 1990 жылдардың басында карьерасын аяқтады.
Бапкерлік ғұмырын Швейцария клубтарының бірін жаттықтырудан бастаған. 2004 жылға дейін "Боруссия Дортмунд" және "Тироль" (Аустрия) клубтарымен бірге біраз жетістіктерге жетті. 2004 жылы Германия құрамасының тізгінін Юрген Клинсманн ұстаған соң, Лев ассисент ретінде қызмет атқарды да, 2006 жылғы әлем чемпионатынан соң оның орнына өзі бапкер болды.
Құрама бапкері ретінде өзі қатысқан турнирлерінің көбінен жүлдесіз қайтпаған, мәселен, 2008 жылы Еуропаның күміс жүлдегері атанса, ӘЧ-2010, ЕУРО-2012, ЕУРО-2016 турнирлерінде қола жүлдені иемденген. Ал 2014 жылғы әлем чемпионаты мен Конфедерациялар кубогы 2017 турнирлерінде чемпион атанған.
2020 жылғы Еуропа чемпионатынан кейін қызметтен кететінін мәлімдеді.
Жетістіктері Командалық Штутгарт Германия кубогы: 1996/97 Кубок иелері кубогының финалисі: 1997/98
Фенербахче Түркияның қола жүлдегері: 1998/99
Тироль Аустрия чемпионы: 2001/02
Еуропаның күміс жүлдегері 2008 Әлемнің қола жүлдегері 2010 Еуропаның қола жүлдегері 2012 Әлем чемпионы 2014 Еуропаның қола жүлдегері 2016 Конфедерациялар кубогының жеңімпазы 2017
Жекелей Германиядағы "жыл бапкері": 2014 ФИФА жыл бапкері: 2014
Сілтемелер Неміс футбол одағында Йоахим Лев жайлы
Санат:Германия футболшылары Санат:Штутгарт ФК ойыншылары Санат:Айнтрахт Майндағы Франкфурт ФК ойыншылары Санат:Фрайбург ФК ойыншылары Санат:Германия футбол жаттықтырушылары Санат:Штутгарт ФК жаттықтырушылары Санат:Фенербахче ФК жаттықтырушылары Санат:Тироль ФК жаттықтырушылары Санат:Аустрия Вена ФК жаттықтырушылары Санат:Аданаспор ФК жаттықтырушылары Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары