Эдвалду Изидиу Нету () (12 қазан 1934 жыл, Ресифи — 19 қаңтар 2002 жыл, Рио-де-Жанейро), Вава ретінде кеңінен танымал () — бразилиялық футболшы, екі дүркін әлем чемпионы.

Мансабы Бразилиялық "Васко даГама", "Палмейрас" секілді атақты клубтарда және Испанияның "Атлетико Мадрид" командасына ойнаған. Бразилия Ұлттық футбол құрамасының үздік шабуылшыларының бірі.

Бразилия құрамасы сапында 23 кездесу өткізіп Профиль на cbf.com.br, екі рет әлем чемпионы атанды (1958, 1962). Және де бес футболшымен бірге Футболдан 1962 жылғы әлем біріншілігінің үздік мергені атанды. 1958 жылғы чемпионатта 5, 1962 жылы 4 гол соққан.

Екі бірдей финалдық матчта гол соққан төрт футболшының бірі (Пеле — 1958, 1962, Пауль Брайтнер — 1974, 1982, Зинедин Зидан — 1998, 2006). Вава 1958 және 1962 жылғы әлем чемпионаттарының финалында гол соққан.

Жетістіктері Пернамбуку штатының чемпионы: 1949 Рио-де-Жанейро штатының чемпионы: 1952, 1956, 1958 Рио-Сан-Паулу турнирінің чемпионы: 1958 Сан-Паулу штатының чемпионы: 1963 Әлем чемпионы: 1958, 1962

Дереккөздер

Cілтемелер Биографиясы

Санат:Бразилия футболшылары Санат:Атлетико Мадрид ФК ойыншылары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Спорт Ресифи ФК ойыншылары Санат:Васко да Гама ФК ойыншылары Санат:Палмейрас ФК ойыншылары Санат:Америка Мехико ФК ойыншылары Санат:Эльче ФК ойыншылары Санат:Португеза Деспортос ФК ойыншылары Санат:Гранада ФК жаттықтырушылары Санат:Бразилия футбол жаттықтырушылары Санат:Әл-Райян ФК жаттықтырушылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары