Дино Дзофф (; 28 ақпан 1942 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/89229, Мариано-дель-Фриули) — италиялық футболшы, қақпашы, футбол жаттықтырушысы. 1968 жылғы Еуропа, 1982 жылғы әлем чемпионы. 40 жасында әлем чемпионы атанып, ең қарт әлем чемпионы ретінде тарихта қалды. Сондай-ақ, 1972-74 жылдары Италия құрамасы сапында 1142 минут бойы бір гол да жібермеді. Ұлттық құрама сапында 112 ойын өткізді, бұл жағынан Андреа Пирло, Паоло Мальдини, Фабио Каннаваро және Джанлуиджи Буффоннан кейінгі бесінші орында.
«Удинезе», «Мантова», «Наполи» және «Ювентус» клубтарында ойнап, 1983 жылы карьерасын аяқтады. 1984 жылы бапкерлікке кірісті. 2000 жылы Италия құрамасының бапкері ретінде Еуропа чемпионатының финалисі атанды.
Жетістіктері
Клубтық
Италия чемпионы: 1973, 1975, 1977, 1978, 1981, 1982 Италия кубогы: 1979, 1983 УЕФА кубогы: 1977
Халықаралық
Еуропа чемпионы: 1968 Әлем чемпионатының финалисі: 1970 Әлем чемпионы: 1982
Бапкерлік
Ювентус
Италия кубогы: 1990 Кубка УЕФА кубогы: 1990
Италия
Еуропа чемпионатының финалисі: 2000
Дереккөздер
Cілтемелер Legends — Dino Zoff // Planet World Cup Players & Coaches — Dino ZOFF FIFA.com
Санат:Италия футболшылары Санат:Италия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Удинезе ФК ойыншылары Санат:Мантова ФК ойыншылары Санат:Наполи ФК ойыншылары Санат:Ювентус ФК ойыншылары Санат:Италия футбол жаттықтырушылары Санат:Ювентус ФК жаттықтырушылары Санат:Лацио ФК жаттықтырушылары Санат:Италия Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Фиорентина ФК жаттықтырушылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары