Чиро Иммобиле (; 20 ақпан 1990, Торре-Аннунциата, Неаполь, Кампания, Италия) — италиялық футболшы, шабуылшы. 2021 жылғы Еуропа чемпионы.
Мансабы Клубтық Кәсіпқой карьерасын 2009 жылы "Ювентус" сапында бастады. Бірақ түрлі клубтарға жалға беріліп, "Ювентустың" негізгі құрамынан орын ала алмай, 2012 жылы жазда "Дженоаға" ауысты.
2013 жылы "Ториноға" ауысты. 2013/14 жылғы маусымда 22 гол соғып, А сериясының үздік мергені атанды. Мерген футболшыны "Боруссия Дортмунд" жетекшілері өз клубында көргісі келіп, 2014 жылы жазда бес жылдық келісім шарт жасасты, алайды Бундеслигада алаңға сирек шыққан шабуылшы 2015 жылы жазда "Севильяға" ауысты.
2015/16 жылғы маусымның бірінші жартысында "Севилья" сапында бес-ақ рет алаңға шыққан 2016 жылы қаңтарда бұрынғы клубы "Ториноға" жалға берілді. Қайта оралған Иммобиленің бағы жана қоймады, 2016 жылы наурыз айында жарақат алып, екі ай футбол ойнай алмады.
2016 жылы "Лациоға" ауысты.
2019/20 жылғы маусымда Италия чемпионатында 36 гол соғып, Криштиану Роналдудың өзін артқа қалдырды.
Ұлттық құрама 2014 жылы әлем чемпионатына, 2016, 2021 жылдары Еуропа чемпионатына қатысты.
Жетістіктері
Командалық
«Ювентус»
Вияджеро турнирі (2): 2009, 2010
«Пескара»
B сериясының жеңімпазы: 2011/12
«Боруссия» (Дортмунд)
Германия суперкубогы: 2014
«Лацио»
Италия кубогы: 2018/19 Италия суперкубогы: 2017, 2019
Ұлттық құрама
Жерорта теңізі ойындарының күміс жүлдегері: 2009 Еуропа чемпионы: 2021
Жеке
В сериясының үздік мергені: 2011/12 Италия чемпионатының үздік мергені: 2013/14, 2017/18, 2019/20 Алтын бутсы иегері: 2020
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:Италия футболшылары Санат:Италия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Ювентус ФК ойыншылары Санат:Сиена ФК ойыншылары Санат:Гроссето ФК ойыншылары Санат:Пескара ФК ойыншылары Санат:Дженоа ФК ойыншылары Санат:Торино ФК ойыншылары Санат:Боруссия Дортмунд ФК ойыншылары Санат:Севилья ФК ойыншылары Санат:Лацио ФК ойыншылары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары Санат:Бешикташ ФК ойыншылары Санат:Болонья ФК ойыншылары