Сарыадыр – Ертіс аңғарындағы, Үлкен Айғыржал сайның оңтүстік-батысындағы тау.
Географиялық орны Павлодар облысы Май ауданы жерінде. Курчатов қаласының оңтүстігінде 50 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 322 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 3 км-ге созылған, енді жері 1,5 км шамасында. Беткейлері тегістеліп өңделген бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Солтүстігінде Жалаң, оңтүстік-шығысында Ақбота таулары, оңтүстік-батысында Шалқарсор көлі бар.
Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында селеу, бетеге, жусан аралас əр түрлі далалық бұталы өсімдіктер өседі.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Май ауданы таулары