Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті — электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ведомствосы.

Тарихы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті 2014 жылы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне қараған Атом энергиясы комитеті мен Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің бірігуі нәтижесінде құрылды.Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы 2025 жылы Энергетика министрлігінен Атом энергиясы агенттігі бөлініп шығуына байланысты комитеттің атауы Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті болып өзгертілді."Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 18 наурыздағы № 818 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Энергетикалық қадағалау саласына жауапты болған ведомстволар ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөнiндегі комитеті (1999-2000) ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитеті (2000-2010) ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитеті (2010-2011) ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті (2011-2014) ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (2014-2025) ҚР Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті (2025-)

Міндеттері Электр энергетикасын пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты іске асыру"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы

Құрылымы Комитеттің 9 басқармаcы бар (2023 жылға): Қаржы және мемлекеттік сатып алу басқармасы Ішкі әкімшілік ету басқармасы Ядролық физикалық қауіпсіздік және техникалық кооперация басқармасы Ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасы Лицензиялау басқармасы Аумақтық департаменттерді мониторингілеу, құқықтық қамтамасыз ету және білімді біліктілік тексеру басқармасы Материалдарды бақылау және халықаралық кепілдіктер басқармасы Электр желілері және қондырғыларын бақылау басқармасы Электр-жылу өндіруші станцияларын бақылау басқармасы

Қарамағындағы мекемелер Облыстар және Алматы, Астана, Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаменттері

Төрағалары Сұңғат Есімханов (2014-2018) Серік Сүлейменов (2019-2020) Абай Шаңғытбаев (2020-2022) Сұңғат Есімханов (2022-2024) Ержан Ертаев (2024-2026) Ернар Хасенов (2026 бастап)

Дереккөздер

А