Қазан төңкерісі ордені () — 1917 жылғы Қазан социалистік төңкерісінің 50 жылдығына орай КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1967 жылдың 31 қазанындағы Жарлығымен тағайындалған, мәртебесі жағынан Ленин орденінен кейінгі екінші КСРО ордені.

Орденнің нобайының авторы — суретші В. П. Зайцев.

Орден жарғысы Қазан төңкерісі орденімен КСРО азаматтары, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және басқа да еңбек ұжымдары, әскери бөлімдер мен құрамалар, сондай-ақ республикалар, өлкелер, облыстар мен қалалар марапатталады. Бұл орденмен шетел азаматтары да марапатталуы мүмкін.

Қазан төңкерісі орденімен мынадай еңбектері үшін марапатталады: революциялық қызметке белсене қатысқаны, Кеңес өкіметінің қалыптасуы мен нығаюына зор үлес қосқаны үшін; социализмді құру мен коммунизмді қалыптастырудағы айрықша еңбегі үшін; халық шаруашылығын, ғылым мен мәдениетті дамыту саласындағы аса көрнекті жетістіктері үшін; Кеңес мемлекетінің жауларымен болған шайқастарда көрсеткен ерекше ерлігі мен батылдығы үшін; КСРО-ның қорғаныс қуатын нығайтудағы айрықша еңбегі үшін; ерекше жемісті мемлекеттік және қоғамдық қызметі үшін; Кеңес Одағы халықтары мен басқа мемлекеттер халықтары арасындағы жан-жақты достық байланыстарды дамытуға және тереңдетуге, сондай-ақ халықтар арасындағы бейбітшілікті нығайтуға бағытталған белсенді қызметі үшін.

Қазан төңкерісі ордені кеуденің сол жағына тағылып, Ленин орденінен кейін орналасады. Марапатталған адам қайтыс болғаннан кейін Қазан төңкерісі ордені оның отбасында сақталады.

Орденнің сипаттамасы thumb|left|200px|Қазан төңкерісі орденімен марапатталған «Аврора» крейсері Қазан төңкерісі орденінде Қазан төңкерісі ордені алтын жалатылған, қызыл эмальмен қапталған бесбұрышты жұлдызшадан және күміс сәулелі бесбұрыштың аясынан тұрады. Эмальмен қапталған бесбұрышты жұлдызшаның жоғарғы бөлігінде қызыл эмальмен қапталған, екі жолға «ҚАЗАН ТӨҢКЕРІСІ» () деген жазуы бар ту бейнеленген. Жұлдызшаның ортасында «Аврора» крейсері бейнеленген күміс бесбұрыш орналасқан. Бесбұрыш әртүрлі реңкте оксидтелген. Орденнің төменгі бөлігінде жапсырма орақ пен балға орналастырылған.

Орден күмістен дайындалған. Орденнің төменгі бөлігінде орналасқан жапсырма орақ пен балға ЗлСрПдМ-375-100-38 алтын-күміс-палладий-мыс қорытпасынан дайындалған. Орақ пен балғадағы таза алтынның мөлшері — 0,187±0,07 г, таза күмістің мөлшері — 0,05±0,02 г, палладийдің мөлшері — 0,019±0,02 г. Орденнің толық құрамында (1975 жылдың 18 қыркүйегіндегі жағдай бойынша) күмістің мөлшері 27,49±1,447 г, алтынның мөлшері 0,21 г. Орденнің жалпы салмағы — 31,0±1,9 г.

Эмальмен қапталған жұлдызшаның қарама-қарсы төбелерінің арақашықтығы — 43 мм. Ортадан жұлдызшаның кез келген сәулесінің ұшына дейінгі қашықтық — 22 мм.

Орден құлақша мен шығыршық арқылы ені 24 мм қызыл түсті жібек қатқыл таспамен тысталған бесбұрышты тағанға бекітілген. Таспаның ортасында бес жіңішке бойлық көгілдір жолақ орналасқан.

Марапатты табыстау Алғашқы марапаттау № 1 Қазан төңкерісі орденімен батыр-қала Ленинград, № 2 орденімен батыр-қала Мәскеу марапатталды. Оларды марапаттау туралы Жарлыққа 1967 жылдың 4 қарашасында қол қойылды. 1967 жылдың 19 желтоқсанында орденмен РКФСР, ал 1967 жылдың 22 желтоқсанында Украин КСР-і марапатталды.

1968 жылдың 22 ақпанында № 5 орденмен «Аврора» крейсері марапатталды. Сол күні Қазан төңкерісі орденімен алғаш рет 16 қолбасшы марапатталды: И. Х. Баграмян, А. М. Василевский, К. А. Вершинин, Н. Н. Воронов, Ф. И. Голиков, С. Г. Горшков, А. И. Ерёменко, Г. К. Жуков, И. С. Конев, Н. И. Крылов, К. А. Мерецков, К. С. Москаленко, К. К. Рокоссовский, В. Д. Соколовский, С. К. Тимошенко, В. И. Чуйков.

Жалпы 106 462 марапаттау жүргізілді.

Соңғы марапаттау Қазан төңкерісі орденімен соңғы марапаттау КСРО Президенті Михаил Горбачевтің 1991 жылдың 21 желтоқсанындағы Жарлығымен жүргізілді. № 106 462 Қазан төңкерісі ордені Қазақ тау-геологиялық экспедициясының басшысы Айтмағамбет Ойнарбаевқа табысталды.

Орденнің екі мәрте иегерлері Қазан төңкерісі орденімен қайта марапаттау өте сирек кездесетін. Қазан төңкерісі орденінің екі мәрте иегері болған 29 адам белгілі:

Афросин Александр Николаевич (1919—2007) — Сарытау облысы Базар-Қарабұлақ ауданындағы «Ресей» ұжымшарының төрағасы (1971 жылдың 8 сәуірі; 1976 жылдың 23 желтоқсаны) Бещев Борис Павлович (1903—1981) — КСРО қатынас жолдары министрі (1973 жылдың 15 шілдесі; 1977 жылдың 14 қаңтары) Брежнев Леонид Ильич (1906—1982) — КОКП ОК бас хатшысы (1979 жылдың 14 наурызы; 1980 жылдың 18 желтоқсаны) Велиева Шаргия Акпер кызы (1936) — «Батыр ана» атағының иегері, Әзербайжан КСР-і Лачин ауданындағы Киров атындағы кеңшардың сауыншысы (1971 жылдың 8 сәуірі; 1975 жылдың 14 ақпаны) Ветлицкий Вячеслав Федорович (1915—1992) — Куйбышев облыстық КОКП комитетінің 2-хатшысы (1971 жылдың 25 тамызы; 1973 жылдың 29 желтоқсаны) Владимиров Николай Терентьевич (1920—1997) — Липецк облысы Грязин ауданындағы «Ресей» кеңшарының директоры (1973 жылдың 11 желтоқсаны; 1981 жылдың 26 мамыры) Галицкий Валентин Николаевич (1910—2007) — Главмосстрой басшысының бірінші орынбасары (1971 жылдың 25 тамызы; 1973 жылдың 29 желтоқсаны) Гилашвили Павел Георгиевич (1918—1994) — Грузин КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағасы (1971 жылдың 27 тамызы; 1976 жылдың 10 наурызы) Гордеев Анатолий Афанасьевич (1911—1979) — Горький машина жасау зауытының бас инженері (1949—1979) (1971 жылдың 26 сәуірі; 1976 жылдың 29 наурызы) Давлятчина Мингалям Зайнеевна (1922—1992) — Коминтерн атындағы асыл тұқымды зауыттың сауыншысы, Грачёв ауданынан, Орынбор облысы (1971 жылдың 8 сәуірі; 1975 жылдың 14 ақпаны) Зубков Дмитрий Петрович (1911—2006) — КСРО тамақ өнеркәсібі министрлігіне қарасты Фрунзе атындағы қызылша кеңшарының асыл тұқымды кеңшарының аға агрономы, Қырғыз КСР-і Қант ауданы (1971 жылдың 8 сәуірі; 1973 жылдың 10 желтоқсаны) Илларионов Игорь Вячеславович (1913—2008) — генерал-полковник (1973 жылдың 24 тамызы; 1986 жылдың 19 ақпаны) Ковалёв Анатолий Гаврилович (1923—2002) — КСРО сыртқы істер министрінің орынбасары (1971 жылдың 22 қазаны; 1977 жылдың 27 желтоқсаны) Критинин Иван Андреевич (1923—1990) — Новокузнецк металлургия комбинатының директоры Котин Жозеф Яковлевич (1908—1979) — ауыр танктер мен тракторлардың конструкторы, генерал-полковник (1971 жылдың 25 қазаны; 1975 жылдың 8 қазаны) Куняев Александр Трофимович (1933—1993) — Мордва АКСР-і Атяшев ауданының Калинин атындағы ұжымшардың төрағасы (1971 жылдың 8 сәуірі; 1973 жылдың 6 қыркүйегі) Меримский Виктор Аркадьевич (1919—2003) — генерал-полковник (1974 жылдың 21 ақпаны; 1982 жылдың 6 мамыры) Мозговой Иван Константинович (1928) — «Знамя Ленина» ұжымшарының тракторшысы, Амвросиев ауданынан, Донецк облысы (1971 жылдың 8 сәуірі; 1973 жылдың 8 желтоқсаны) Назаров Шамси (1921—1994) — Самарқан облысы Мақташы ауданындағы «Коммунизм» ұжымшарының төрағасы (1973 жылдың 10 желтоқсаны; 1975 жылдың 14 ақпаны) Павлов Владимир Яковлевич (1923—1998) — КСРО-ның Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (1971 жылдың 25 тамызы; 1977 жылдың 27 желтоқсаны) Северный Андрей Борисович (1913—1987) — астроном, КСРО Ғылым академиясының академигі (1971 жылдың 20 маусымы; 1975 жылдың 17 қыркүйегі) Сизов Леонид Георгиевич (1931—2005) — Краснояр өлкелік КОКП комитетінің 2-хатшысы (1971 жылдың 25 тамызы; 1976 жылдың 10 наурызы) Туманов Иосиф Михайлович (Туманишвили) (1909—1981) — КСРО халық әртісі (1976 жылдың 25 мамыры; 1980 жылдың 14 қарашасы) Ховрин Николай Иванович (1922—2008) — адмирал, КСРО ӘТФ Қара теңіз флотының қолбасшысы (1974 жылдың 21 ақпаны; 1986 жылдың 19 ақпаны) Хоробрых Иван Михайлович (1920—2009) — «Северо-Любинский» мемлекеттік асыл тұқымды зауытының комбайншысы, Омбы облысы (1971 жылдың 8 сәуірі; 1976 жылдың 23 желтоқсаны) Щербицкий Владимир Васильевич (1918—1990) — Украина Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы (1978 жылдың 16 ақпаны; 1982 жылдың 4 наурызы) Ялухин Матвей Петрович (1908—1992) — «Свердловское» құс шаруашылығы өндірістік бірлестігінің бас директоры, Свердлов облысы (1973 жылдың 11 желтоқсаны; 1976 жылдың 23 желтоқсаны) Ямковой Борис Ефремович (1918—1991) — адмирал (1974 жылдың 21 ақпаны; 1982 жылдың 27 желтоқсаны) Ярошенко Иван Владимирович (1926—2015) — Днепропетровск облысы Магдалинов ауданындағы «Гигант» ұжымшарының бригадирі (1971 жылдың 8 сәуірі; 1981 жылдың 6 наурызы) Халықаралық қайраткерлерді марапаттау Қазан төңкерісі орденінің екі мәрте марапатталғандар: Вилли Штоф (ГДР, 1979 жылдың 6 шілдесі, 1989 жылдың 7 шілдесі) Қазан төңкерісі орденімен халықаралық коммунистік қозғалыс өкілдері марапатталды:

Ульбрихт Вальтер (ГДР, 1968 жылдың 28 маусымы)«Ведомости Верховного Совета СССР», 1968 год, № 27 (1425), ст. 250 Рейман Макс (ГФР; 1968 жылдың 30 қазаны)«Ведомости Верховного Совета СССР», 1968 год, № 45 (1443), ст. 443 Кодовилья Викторио (Аргентина; 1969 жылдың 7 ақпаны)«Ведомости Верховного Совета СССР», 1969 год, № 7 (1457), ст. 61 Свобода Людвик (Чехословакия, 1970 жылдың 24 қарашасы)«Ведомости Верховного Совета СССР», 1970 год, № 48 (1550), ст. 518 Бак Тим (Канада; 1971 жылдың 5 қаңтары)«Ведомости Верховного Совета СССР», 1971 год, № 2 (1556), ст. 20 Гиольди Родольфо (Аргентина; 1972 жылдың 20 қаңтары)«Ведомости Верховного Совета СССР», 1972 год, № 4 (1610), ст. 32 Песси Вилле (Финляндия; 1972 жылдың 23 наурызы)«Ведомости Верховного Совета СССР», 1972 год, № 13 (1619), ст. 109 Винцер Отто (ГДР; 1972 жылдың 31 наурызы)«Ведомости Верховного Совета СССР», 1972 год, № 14 (1620), ст. 115 Фюрнберг Фридль (Аустрия; 1972 жылдың 15 мамыры)«Ведомости Верховного Совета СССР», 1972 год, № 21 (1627), ст. 166 Грозос Апостолос (Грекия; 1972 жылдың 9 маусымы)«Ведомости Верховного Совета СССР», 1972 год, № 24 (1630), ст. 216 Арагон Луи (Франция; 1972 жылдың 2 қазаны)«Ведомости Верховного Совета СССР», 1972 год, № 41 (1647), ст. 379 Арнедо Альварес Херонимо (Аргентина; 1972 жылдың 13 қазаны)«Ведомости Верховного Совета СССР», 1972 год, № 42 (1648), ст. 402 Луканов Карло (Болгария; 1972 жылдың 19 қазаны)«Ведомости Верховного Совета СССР», 1972 год, № 43 (1649), ст. 4409 Багдаш Халед (Сирия; 1972 жылдың 14 қарашасы)«Ведомости Верховного Совета СССР», 1972 год, № 47 (1653), ст. 446 Престес Луис Карлос (Бразилия; 1973 жылдың 2 қаңтары)«Ведомости Верховного Совета СССР», 1973 год, № 2 (1660), ст. 63 Апро Антал (Мажарстан; 1973 жылдың 7 ақпаны)«Ведомости Верховного Совета СССР», 1973 год, № 7 (1665), ст. 117 Арисменди Родней (Уругвай; 1973 жылдың 20 наурызы)«Ведомости Верховного Совета СССР», 1973 год, № 13 (1671), ст. 180 Урбани Доминик (Люксембург; 1973 жылдың 28 наурызы)«Ведомости Верховного Совета СССР», 1973 год, № 14 (1672), ст. 187 Трайков Георгий (Болгария; 1973 жылдың 6 сәуірі)«Ведомости Верховного Совета СССР», 1973 год, № 15 (1673), ст. 204 Ярузельский Войцех (Польша; 1973 жылдың 9 қазаны) Маринельо Хуан (Куба; 1973 жылдың 1 қарашасы)«Ведомости Верховного Совета СССР», 1973 год, № 45 (1703), ст. 641 Куньял Алвару (Португалия; 1973 жылдың 6 қарашасы)«Ведомости Верховного Совета СССР», 1973 год, № 46 (1704), ст. 654 Михайлов Иван (Болгария; 1974) Ярошевич Пётр (Польша; 1974 жылдың 7 қазаны)«Ведомости Верховного Совета СССР», 1974 год, № 42 (1752), ст. 695 Нассар Фуад (Иордания; 1974 жылдың 27 қарашасы)«Ведомости Верховного Совета СССР», 1974 год, № 49 (1759), ст. 832 Диккель Фридрих (ГДР; 1975) Новак Зенон (Польша; 1975 жылдың 24 қаңтары)«Ведомости Верховного Совета СССР», 1975 год, № 5 (1767), ст. 89 Мильке Эрих (ГДР; 1975 жылдың 8 ақпаны) Гробарт Фабио (Куба; 1975 жылдың 29 тамызы)«Ведомости Верховного Совета СССР», 1975 год, № 36 (1798), ст. 571 Зиндерман Хорст (ГДР; 1975 жылдың 4 қыркүйегі)«Ведомости Верховного Совета СССР», 1975 год, № 37 (1799), ст. 588 Ибаррури Долорес (Испания; 1975 жылдың 8 желтоқсаны)«Ведомости Верховного Совета СССР», 1975 год, № 51 (1813), ст. 814

Крум Радонов (Болгария; 1976)Аврамов, А. Трудовата слава на България, Държавно издателство д-р Петър Берон, 1987, с. 37 Кесслер Хайнц (ГДР; 1976 жылдың 30 наурызы)