Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев (23 мамыр 1967 жыл, Семей) — қазақстандық саясаткер, инженер-механик және заңгер, 2026 жылдан бастап Қауіпсіздік кеңесі аппаратының басшысы. Полиция генерал-майоры (2021).

Бұрын Баймұқашев Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары (2019–2020, 2023–2026) және бірінші орынбасары (2022–2023) болатын.

Өмірбаяны Мұрат Баймұқашев 1967 жылы Семей қаласында дүниеге келген.

1994 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген. 1998 жылы ҚР ІІМ Қарағанды заң институтын «заңгер-құқықтанушы» мамандығы бойынша бітірген. 2015 жылы РФ Президенті жанындағы Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының магистратурасын бітірген.

1994 жылғы маусымнан 1997 жылғы желтоқсанға дейін – Талдықорған және Ақмола облыстарының Ішкі істер басқармасы Мемлекеттік автоинспекциясының инспекторы, мемлекеттік автоинспекторы, аға инспекторы.

1997–2006 жылдары – ІІМ Жол полициясы департаментінің инспекторы, аға инспекторы, бөлімше, бөлім бастығы.

2006–2007 жылдары – ІІМ Штаб департаменті бастығының орынбасары.

2007–2009 жылдары – ІІМ Кадр жұмысы департаментінің бастығы.

2009 жылғы сәуірден тамызға дейін – Бас прокурордың ерекше тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі.

2009–2013 жылдары – Премьер-Министр Кеңсесінің Қорғаныс және құқық қорғау (кейін Заң шығару, қорғаныс және құқық қорғау) бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 2013–2019 жылдары – Премьер-Министр Кеңсесінің Қорғаныс және құқық қорғау бөлімінің бастығы.

2019–2020 жылдары – Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары.

2020–2021 жылдары – ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы, 2021–2022 жылдары – Ішкі істер министрінің орынбасары.

2022–2023 жылдары Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары, 2023–2026 жылдары Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары болды.Анықтама. Баймұқашев Мұрат Қалибекұлы

2026 жылғы 5 қыркүйек күні Қауіпсіздік кеңесі аппаратының басшысы болып тағайындалды.М.Қ. Баймұқашев туралы

Дереккөздер

Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университеті түлектері