Ғалым Дүйсенбайұлы Байманов (16 наурыз 1959 жыл, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шаян ауылы) — қазақстандық мұнай-газ саласының маманы, техника ғылымдарының кандидаты (1999). Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі (2019). «Құрмет» орденінің иегері (2016).СЫР ЕЛІ. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2024. – 188-189 бб. – ISBN 978-601-7059-54-5

Өмірбаяны 1977 жылы Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тасбөгет кентіндегі №11 орта мектепті аяқтаған. 1982 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолы

1982–1988 — ҚазКСР Геология министрлігінің «Маңғышлақмұнайгазбарлау» кешенді экспедициясында бұрғышы көмекшісі, комсомол комитетінің хатшысы, Ералы аудандық партия комитетінің нұсқаушысы; 1988–1995 — «Құмкөл терең бұрғылау» экспедициясында инженер, бұрғылау шебері, ауысым бастығы, орынбасар; «Сырдария мұнай-газ барлау» экспедициясының бас инженері; 1995–1996 — «Оңтүстік мұнай-газ» бірлестігінің вице-президенті; 1997–2000 — «ХаррикейнҚұмкөл мұнай» АҚ басқарма басшысы, орталық инженерлік-техникалық басқарма басшысы; 2000–2002 — «ӨзенМұнайГаз» АҚ бұрғылау басқармасының директоры; 2002–2022 — «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ бас менеджері, техникалық директоры, басқарма төрағасының орынбасары; 2022 — «Джепетто» (ҚХР) компаниясы бас директорының орынбасары; 2023–2024 — «ҚазДобМұнай» ЖШС бас директоры; 2025 жылдан бастап — «Мұнай кенішінің ардагері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша директоры;

«Kerui Petroleum & Gas» корпорациясының Қазақстандағы филиалы Бас директоры кеңесшісі міндетін атқарады.

Ғылыми және педагогикалық қызметі 1999 жылдан бастап Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде лектор болып жұмыс істейді. «Тау жыныстарын бұзу», «Бұрғылау технологиясы», «Мұнай кәсіпшілігінің механизмдері» пәндері бойынша дәріс береді. Ғалымның басшылығымен «Құмкөл-Жосалы» жоғары қысымды құбырын пайдалануға беру, сондай-ақ Қызылқия, Арысқұм, Құмкөл және Майбұлақ кеніштеріндегі газды кәдеге жарату жобалары жүзеге асырылды.

Оқу құралдары (тең авторлықпен):

«Магистральді мұнай құбырын пайдалану» (ҚБТУ, Алматы, 2008); «Газ мұнай құбырлары мен базаларын жобалау, салу және пайдалану» (ҚБТУ, Алматы, 2011).

Марапаттары мен атақтары

«Ерен еңбегі үшін» медалі (1999); Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университетінің құрметті профессоры (2009);https://korkyt.edu.kz/article/62 «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісі (2014); Қазақстан Республикасының «Үздік инженері» (2015); «Құрмет» ордені (2016); «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі (2016); Қызылорда облысы Сырдария ауданының құрметті азаматы (2017); «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі (2021); «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін» медалі (2026).https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/363749https://syrboyi.kz/ryxaniyat/syr-sanglaqtary-serijasynyng-alghashqy-kitaby-188802/

Дереккөздер

Санат:1959 жылы туғандар Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Тұлғалар