Халилур Рахман (; 1 сәуір 1954, Шығыс Бенгалия) — бангладештік дипломат және экономист, 2026 жылғы қыркүйектен бергі 81-сессиядағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының төрағасы және 2026 жылғы ақпаннан бергі Бангладеш Сыртқы істер министрі.

Өмірбаяны Халилур Рахман 1954 жылғы 1 сәуірде Британ империясының Пәкістан доминионындағы Шығыс Бенгалияның Параграм жерінде (қазіргі Навабгандж, Дакка облысы, Бангладеште) дүниеге келген.

Рахман Дакка университетінде білім алды. Кейін ол Тафтс университетінің заң және дипломатия мектебінен магистратурасын, Гарвард университетінен экономикадан докторлығын алды.

Өмір бойы қоғам қайраткері болып келген Рахман кәсіби мансабының біразын Біріккен Ұлттар Ұйымында өткізген. ЮНКТАД-та және БҰҰ Бас хатшысы атқарушы кеңсесінің жанында ол көбіне ең дамымай кеткен елдер мәселелерімен айналысты. 2024 жылғы Шілде төңкерісінен кейін ол үкіметтегі қызметке оралды да, уақытша үкіметтің бойынша жоғарғы өкілі, кейін ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі болып тағайындалды.

2026 жылғы 17 ақпанда Рахман премьер-министр Тарик Рахманның (туыстығы жоқ) министрлер кабинетіне Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

2026 жылғы 2 маусымда Рахман Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының төрағасы болып сайланып, 8 қыркүйектен бастап 81-сессиясына төрағалық ететін болды. Ол сайлауда кипрлік дипломат Андреас Какурисқа қарсы жеңді.

Дереккөздер

Санат:Бангладеште туғандар Санат:Бангладеш дипломаттар Санат:Бангладеш экономистері Санат:Бангладеш сыртқы істер министрлері Санат:БҰҰ Бас Ассамблеясы төрағалары