Әлқуат Дауылбаев (1927 жылы туған, Маңғыстау ауданы, Сенек ауылы) — зоотехник. 1942–1949 жылдары Шевченко ауданы Фетисов атындағы ұжымшарда шопан, 1949–1974 жылдары Шевченко, Маңғыстау ауданы автоклуб, қызылотау меңгерушісі, 1974–1990 жылдары Ералиев атынд. кеңшардың және фермаларында ферма басқарушысы болды. «Құрмет белгісі» (1986) ордені, «Еңбектегі үздік шыққаны үшін» (1966), «Еңбектегі ерлігі үшін» медальдарымен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен (1950) марапатталған.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;

Шежіре Адай Батыр – Келімберді – Мұңал Батыр – Бәйімбет – Сабытай Батыр – Жандай – Боққара – Жанбоз – Өтеулі – Тымқара – Жанболат – Есмәмбет – Шаман – Оразмағанбет – Дауылбай – Әлқуат

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар